«Кітаптың туған күні, немесе кітап беттерімен саяхат»
Кітапханашылар жас оқырмандармен бірге сүйікті кітаптардың беттері арқылы саяхатқа шығып, ертегі кейіпкерлерінің қонағында болды. Жас оқырмандар үшін «Кітап қазыналары аралы» атты кітап круизі ұйымдастырылып, оның барысында балалар әдеби тапсырмаларды орындап, жұмбақтар шешті, сүйікті шығармаларының кейіпкерлерімен кездесті, ертегілерді еске түсіріп, кейіпкерлерді танып, өз әсерлерімен бөлісті. Саяхат танымдық, мазмұнды әрі ертегіге толы болды.
«Жанданған мұқаба» атты фотосессиялар легі өтіп, онда қатысушылар сүйікті кітаптары мен ертегілерінің кейіпкерлеріне айналып, жарқын бейнелер жасап, әдеби оқиғалардың атмосферасын жеткізді. Әдеби викториналар мен ең танымал балалар кітаптарын таныстырған «Кітап хит-парады», сондай-ақ әдеби байқаулар мен тапсырмалардан тұратын «Ойындар марафоны» балалардың қазақстандық және шетелдік жазушылардың ертегілерін қаншалықты жақсы білетінін көрсетті.








