Құжаттарды электронды түрде жеткізу
Құрметті оқырмандар!
Құжаттарды электрондық жеткізу қызметі (ЭҚЖ) кітапхана қорларынан баспа құжаттарының (мерзімдік басылым беттеріндегі мақалалардың және кітаптардан үзінділердің) электрондық көшірмелерін алуға тапсырыс жасау мүмкіндіктерін ұсынады.
Бұл қызметтер Қазақстан Республикасының 1996-жылғы 10-маусымдағы №6-1 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына (10.07.2009 жылғы өзгертулер және толықтыруларымен) сәйкес жүзеге асырылады.
Тапсырыстарды кітапхана қорларынан орындау тәртібі мен талаптары:
Сізге қажет құжаттар туралы библиографиялық мәліметтерді кітапхананың электрондқ каталогының көмегімен табуға болады.
Тапсырыс алынған соң және кітапхана қорында оның бары анықталған соң тапсырыс берушіге өтінішінің орындалатындығы туралы хабарлама жіберіледі.
Тапсырыс беруші өзінің тапсырысын орындау қажеттілігін, немесе ол тапсырыстың өзіне қажет болмай қалғандығы туралы міндетті түрде хабарлауы керек.
Алтай ауданының « Орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ оо КММ қорларынан құжаттарды электрондық жеткізу қызметтері тегін түрде жүзеге асырылады.
Тапсырысты толтыру:
Тапсырысты толтырып, жіберу мынандай әдіспен жүзеге асырылады:
2. Алтай ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ қызмет көрсету бөлімінде.
Назар аударыңыздар!
Заңдылыққа сәйкес алынған электрондық көшірмелерді тек ғылыми, біліми және оқу мақсаттарында ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Көбейтуге, басқа үлгіде пайдалануға және коммерциялық мақсатта үшінші бір адамға беруге тиым салынады.