«Оқитын ұлт»: Роллан Сейсенбаев әлеміне саяхат
Кітаптар біздің әлемді қабылдауымызды қалай өзгертеді? Мектеп бағдарламасындағы оқу міндеті қызықсыз міндет болудан қалып, өмір, ар-ождан және болашақ туралы терең ой-толғауға айналғанда не болады? Бұл сұрақтарға жазушы Роллан Сейсенбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған кітапханалардағы жарқын оқиға — «Роллан Сейсенбаевтың өмір жолы мен мұрасы» атты әдеби кеш жауап берді.
Кездесу «Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында өтті. Жобаның басты мақсаты — оқуға деген сүйіспеншілікті оятып қана қоймай, кітапты маңызды ойлар мен толғаныстарға бастайтын құралға айналдыру. Іс-шараның негізгі өзегі жазушының 1991 жылы жарық көрген «Мёртвые бродят в песках» («Өлілер құмда кезіп жүр») атты жүректі тебірентетін романы болды. Бұл шығарманың аталған жоба аясында 9-сынып оқушыларына оқуға ұсынылуы да тегін емес.
Бұл дәстүрлі дәріс емес, нағыз интерактивті диалог болды. Оқушылар бір кездері тіршілік қайнаған Көгілдір теңіз атанған Арал теңізінің қасіретіне терең бойлады. Кезінде өмірге толы болған теңіз кейін шөлге айналып, жағасында тот басқан кемелердің қаңқалары қалып, адамдардың тағдыры күйреді.
«Оқитын ұлт» жобасы әдебиетті міндетті түрде оқылатын жай ғана мәтін емес, бүгінгі заманның айнасы ретінде тануға көмектеседі. Роллан Сейсенбаев өмір бойы шындықты жақтап, Семей ядролық полигоны мен Арал теңізінің қасіретін ашық айтып, қоғам назарын осы мәселелерге аударды. Оның шығармалары бізге маңызды бір ақиқатты ұғындырады: планета мен қоғамның болашағы әрқайсымызға байланысты.
Кітапханаға келіңіздер, кітап оқыңыздар, өз жауаптарыңызды іздеңіздер! Естеріңізде болсын: кейде кітап соңғы бетімен аяқталғанымен, өмірмен шынайы диалог енді ғана басталады!








