Челлендж
Дәстүрді тек сақтап қана қоймай, оны қайта жаңғыртуға болатынын елестетіп көрдіңіз бе?
«Мұра генерациясы: өз камзолыңды жаса» челленджі — бұл өткен мен болашақ тоғысатын, ал қазақтың камзолы ең батыл идеяларға арналған шығармашылық алаңға айналатын кеңістік.
Біз ұлттық киімге жаңаша көзқараспен қарауды ұсынамыз:
оны музей экспонаты ретінде емес, нейрожелілер мен заманауи технологиялар арқылы қайта ой елегінен өткізуге болатын тірі мәдени код ретінде қабылдауды ұсынамыз.
Қатысушылар дәстүрлі элементтерді, заманауи технологияларды және болашаққа деген жеке көзқарасты біріктіре отырып, камзолдың бірегей үлгілерін жасайды. Нейрожелілердің көмегімен барқыт «ақылды матаға» айналып, кестелер неон жарығымен жанданып, ал көне ою-өрнектер цифрлық тыныс алады.
Өз көзқарасыңмен бөліс! Камзолыңның бейнесін немесе видеосын нейрожеліде жасап, әлеуметтік желілерде жарияла:
#Онлайнчеллендж
#Қазақстилі
#Қазақмұрасы
#ЖИкамзолымен
#Ұлттықстиль
Бізге қосылыңыз!!! Бұл челлендж — тек дизайн туралы емес. Бұл — ұрпақтар арасындағы диалог. Өз камзолыңды жаса! Тамырыңды сақта! Болашақты қос! 







