Онлайн кітапханашы
сұрақтар қойыңыз -------
КММ "ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
09.10.2019

«Адал өмір» челлендж аясында Алтай ауданының кітапханаларында

«Адал өмір» челлендж аясында Алтай ауданының кітапханаларында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында іс-шаралар өткізілді. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын түсіндіру мақсатында,кітапханашылар қала мен ауданның әр түрлі ұйымдарына барды: пошта бөлімшелері, қарттар интернат үйі, оқу орындары, «Қарт азаматтарға арналған аумақтық орталық» КММ, аурухана,ХҚКО. Сондай-ақ, қала тұрғындарын қала көшелерінде, кітапханада, дүкендерде, банкілерде акция өткізу туралы ақпараттармен таныстырды. Тұрғындар осы акцияға қызығушылық танытып, оны қажетті, уақтылы және өзекті деп санады.
Акция барысында аудан тұрғындары мен қонақтарына «Пара алу – қылмыс», «Тоқта сыбайлас жемқорлық!», «Заңмен және ар-ұжданмен өмір сүру!- деген буклеттер таратылды. Буклеттерде сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың қандай салдары бар және сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған жағдайда қайда жүгіну туралы түсінікті түрде баяндалды. Акцияға 500-ден астам адам қатысты.