Онлайн кітапханашы
сұрақтар қойыңыз -------
КММ "ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
06.10.2026

«Кітап оқитын ұлт»: оқу мен ой толғау уақыты

Қазақстанда бос уақытты тиімді өткізу туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертетін жоба басталды. Елімізде «Оқырман ұлт» республикалық оқырмандар марафоны ресми түрде старт алып, қазіргі уақытта республиканың барлық аймақтарында оның алғашқы — өңірлік кезеңі өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты — статистика үшін жай ғана беттерді парақтату емес, кітап оқуды таңғы кофе немесе кешкі серуен сияқты күнделікті табиғи әрі жағымды әдетке айналдыру. Жоба нағыз зияткер көшбасшыларды — кітапты жай ғана көп оқып қана қоймай, терең ой толғап, пікір таластыра алатын, өз ойымен бөлісіп, айналасындағыларға кітапқа деген сүйіспеншілікті дарыта білетін азаматтарды іздейді.

Қарапайым ережелер: бұл қалай жұмыс істейді?

Тіркелу: reading-nation.kz ресми сайтына өту.

Санатты таңдау: Ұсынылған 7 санаттың бірін таңдау.

Кітап қашықтығы: Жарты жыл ішінде (2027 жылдың наурызына дейін) қазақ және орыс тілдеріндегі отандық әдебиеттен, әлемдік классикадан бастап, заманауи танымал бестселлерлерге дейінгі 15 кітапты оқып шығу.

Жас мөлшері, кәсібі мен мәртебесі маңызды емес. Марафонға қатысуға барша халық шақырылады: мектеп оқушылары, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, тұтас отбасылар мен әдебиеттің нағыз жанашырлары.

«Жай ғана кітап оқығысы келетіндер» үшін: Жүлделі орындар үшін бәсекелескісі келмейтін, бірақ шабыт пен жаңа есімдерді іздейтіндерге арналып «Parasat» санаты құрылды. Бұл — бәсекелестік қысымсыз, өз рахаты үшін кітап оқуға арналған кеңістік.

Конкурс командалық форматта өтеді, ал балл жинау жүйесі қызықты квестті еске түсіреді:

250 балл — тізімдегі оқылған әрбір кітап үшін;

+50 балл — мазмұнды әрі дәлелді бейнешолу (видеоотзыв) үшін;

+50 балл — кестені сақтағаны және тәртібі үшін (шамамен 10–15 күнде 1 кітап).

Жеңімпаздарды не күтіп тұр?

Өңірлік іріктеудің жеңімпаздары қомақты ақшалай сыйлықтарға ие болады:

1-орын — 600 000 теңге

2-орын — 450 000 теңге

3-орын — 300 000 теңге

Өңірлік турдың үздік шыққан 4000-ға жуық қатысушысы финалға өтеді (іріктеу кезеңдері 2027 жылдың наурыз және сәуір айларында өтеді). Ал финалистерді ақшалай сыйлықтар мен дипломдар ғана емес, сонымен бірге республикалық марапаттау рәсіміндегі ресми мемлекеттік танымалдылық күтеді.

Бұл — цифрлық формат пен қағаз жүзіндегі кітап тоғысатын мекен: мұнда қатысушылар қажетті басылымдарды тауып, оқылған шығармаларды пікірлестерімен талқылайды, әдеби кездесулерге, викториналар мен пікірталастарға қатысады.

Өйткені «Оқырман ұлт» жобасындағы ең басты нәрсе — кітапты оқу жылдамдығы емес, соңғы бетті жапқаннан кейін пайда болатын ойлар мен эмоциялар.

Тіркелу ашық! Өз санатыңызды таңдап, оқу тізімін жасаудың және біздің облыстың ең көп оқитын өңір екенін дәлелдеудің дәл уақыты келді.

Толық мәліметтер мен тіркелу — reading-nation.kz сайтында.