Онлайн кітапханашы
сұрақтар қойыңыз -------
КММ "ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
04.02.2026

Әдемі сөйлеу – нағыз тренд!!!

Аудан кітапханаларында жарқын әрі мәдениетті күн өтті! Бейәдеп сөздерге қарсы күрес күніне орай «Таза сөз – керемет!» атты акция ұйымдастырылды. Кітапханада тек тыныштық болады деп кім айтты? Бізде керісінше, өте қызу болды…

Акцияға қатысушылар күнделікті сленгке әдеби баламалар тауып, сөздік қорды байытудың лайфхактарымен бөлісті, «Сөз – қоқыс» челленджіне қатысып, боқауыз сөздерді әдемі эпитеттерге алмастырды. Ал 250-ден астам түрлі жастағы аудан тұрғындары қатысқан адал сауалнама нәтижесі мынадай болды: 63%-дан астамы өмірде балағат сөздерді қолданатынын мойындады, 76% бейәдеп лексиканы қазіргі заманның үлкен мәселесі деп санайды, ал 29% күшті эмоцияны «қатты сөзсіз» жеткізу мүмкін емес деп есептейді… Дегенмен, қуантарлығы – сауалнамаға қатысқандардың 84%-ы сауатты сөйлеуді табыстың кепілі деп біледі!

Акция аяқталды, ал нәтижелер шабыттандырады! «Таза сөзді» таңдаған баршаңызға алғыс айтамыз!

Сөзіңізді көркем де сауатты ететін кітаптар үшін аудан кітапханаларына келіңіздер.